Kyzylorda-news.kz Қызылорда медициналық жоғары колледжінде «Денсаулық сақтау жүйесіндегі жас мамандар: медициналық колледждердің халықаралық диалогы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өттi.
Конференция барысында студенттер мен оқытушылар озық тәжірибелерімен, инновациялық идеялары және ғылыми зерттеу нәтижелерімен бөлісумен қатар, халықаралық серіктестікті нығайтуға ықпал етті.
Сондай-ақ, конференция барысында денсаулық сақтау жүйесіндегі өзекті мәселелер талқыланып, жас мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, студенттердің ғылыми-практикалық әлеуетін дамыту және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту бағытында мазмұнды пікір алмасу алаңы қалыптасты.
Айта кетейік, конференция болашақ медицина мамандарының кәсіби және ғылыми әлеуетін біріктіру арқылы халықаралық ынтымақтастықты нығайту, медициналық білім берудегі инновациялық идеялар мен цифрлық технологияларды ілгерілету, сондай-ақ қоғам игілігі үшін мейірімділік пен жауапкершілік құндылықтарын дәріптеу мақсатында ұйымдастырылуда.
Сонымен қатар, конференция барысында болашақ медицина мамандарына бірқатар мәліметтер беріліп, конференция аяғында сұрақ-жауап айдары ұйымдастырылды. Жас мамандар көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алып, өздеріне қызықты мағлұматтар алды. Медицина саласының өзектілігі жөнінде ұйымдастырылған бұл конференция алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
