Kyzylorda-news.kz Текей Батыр Қарпықұлы атындағы жоғары колледжде кездесу өтті. Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Этномедиация орталығының ұйымдастыруымен өткен шара студент жастарға этномедиацияның маңызын түсіндіруге арналды.

Кездесу барысында облыстық ҚХА жанындағы этномедиация орталығының төрағасы, психолог-медиатор Жанна Мирамбекқызы мен этномедиация орталығының үйлестірушісі, «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы Шахизат Абдраманова студенттермен ашық әрі мазмұнды әңгіме жүргізіп, қоғамдағы татулық, өзара түсіністік, буллинг пен ойынқұмарлықтың алдын алу туралы кеңінен баяндады.

Колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Болатбек Айтбенбетов шараға ризашылығын білдіріп, жастар тәрбиесінде мұндай кездесулердің маңызы зор екенін атап өтті.

Кездесу еркін форматта өтіп, студенттер көкейлеріндегі сауалдарын қойып, құнды жауаптар алды.

Ассамблея 2.jpg

Тағы да оқыңыз: