Kyzylorda-news.kz. Қазіргі заман қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. Қыз баланы тәрбиелеу – ұлтты тәрбиелеу деген сөз. Отбасы – қоғамның бір бөлшегі. Ал отбасының алтын қазығы – әйел адам. Тәрбиелі қыз өсіру – елінің салиқалы ұрпағын тәрбиелеу. Біздің ұлтымыздың санасының қалыптасуына, тәрбиелі болуына, саналы ұрпақ болуына осы қыздардың үлесі зор.
Атап айтқанда, 2022 жылдың желтоқсан айының 2 жұлдызында Жосалы кентіндегі №12 аграрлы-техникалық колледжінің студенттерімен «Қыз тәрбиесі – ұлт болашағы» атты тақырыбында кездесу өткізілді.
Сонымен қатар, бөлімшесінің ЖПҚб-нің Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция капитаны А.Касимова кездесуді ашып, сөз кезегін сала мамандарына берілді.
Жиынның мақсаты қыздар қауымымен сырласа отырып, олардың тәрбиесіне көңіл бөлу, эстетикалық тәрбие беру, оларға салт – дәстүрді үйрету, олармен пікірлесе отырып, өздерін мазалап жүрген сұрақтары болса, соған жауап табу, еркін өз ойларын ашып айтуға баулу. Сонымен қатар, қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт-дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу, ұлтжанды, қамқор болуға, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу және де отансүйгіштік сезімдерге баулу.
Сонымен қатар жалпы қоғамда аналардың рөлі қандай, әйелдерге қарсы жасалатын қылмыстардың өсім алуы, отбасындағы әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбы, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, жолын кесу, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау, жалпы отбасындағы құндылықтар жөнінде әңгімелер қозғалып, ұсыныс пікірлер тыңдалды.

