Kyzylorda-news.kz Қызылорда қаласындағы «ОРДА» жоғары колледжінде Жеңістің 80 жылдығына орайластырылған жастар арасында әскери қызмет өткеруді насихаттау және жастардың патриоттық рухын көтеруге бағытталған кездесу өтті. 

Аймақ жастарын әскери-патриоттық бағытта тәрбиелеу, өскелең ұрпақтың бойында Отансүйгіштік пен патриоттық қасиеттерді қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған шараға 100-ге жуық студент жастар мен оқытушылар қатысты.
Кездесуде Қызылорда қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілі әскери қызметтің міндеттілігі мен әрбір азаматтың парызы екендігін жеткізді.

WhatsApp Image 2025-04-22 at 17..png

Облыстық жастар ресурстық орталығының мамандары жастарға бағытталған іс-шараларға белсене қатысуды, бос уақытын тиімді пайдалану жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар мен гранттар, өз кәсібін ашуға ниетті жастарды қолдау, NEET санатындағы жастардың әлеуетін көтеру туралы мағлұматтармен бөлісті.

Сондай-ақ, «Айбын» әскери патриоттық жиыны мен «Жас сарбаз» жастар қозғалысына іріктеу жиындары бойынша толық ақпараттар ұсынылды.

WhatsApp Image 2025-04-22 at 17. (1) (1).png

Фото: Облыстық Жастар ресурстық орталығы

Тағы да оқыңыз: