Kyzylorda-news.kz. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті жанындағы «Book club» кітап ұйымының ұйымдастыруымен университеттің 85 жылдығына орай студент жастар «Әлімсақ» журналы және «Ұстаз мәртебесі» газетінің шығармашылық ұжымымен кездесті.

Кездесу еркін форматта өрбіп, студенттер аталған басылымдардың бас редакторы Нұрлан Көбегенұлына көкейде жүрген сұрақтарын қойды. Емен-жарқын басқосуды университеттің әлеуметтік және тәрбие жұмыстары бөлімінің басшысы Жанар Бимұратқызы жүргізді.

Басқосуға «Әлімсақ» журналының ақылдастар алқасының мүшесі, тарих ғылымдарының докторы Дастан Сәтбай, облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Талғат Тілесов және университеттің аға оқытушылары Аякуз Абдразакова мен Asyl Urazova қатысты. Дастан Сәтбай Нұрлан Көбегенұлын университеттің «Үздік түлек» медалімен марапатталғанымен құттықтап, басылымдардың дамуына байланысты ұсыныстарын жеткізді. Өзге қонақтар да өздерін толғандырып жүрген сұрақтары мен мәселелерін ортаға салды.

Шара соңында қонақкәде ретінде Н.Көбегенұлы мен А.Әділжанұлы өз өлеңдерін оқыды. «Book club» кітап ұйымының жетекшісі Диляра Төлеуханова шығармашыл ұжымға сый-сыяпат тапсырса, газет редакторы шарада белсенділік танытқан студенттерге журнал нөмірлерін сыйға берді. Келелі кездесудің нәтижесі байқауға ұласты. Үздік жарияланым алдағы уақытта марапатталатын болады.
 

33.jpg

31.jpg

34.jpg

Тағы да оқыңыз: