Kyzylorda-news.kz. Статистика саласының қызметкерлері пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін Stat.kz мобильді қосымшасын іске қосты. Мәселен жыл басынан бері 150 000 статистика есептеліп, оның 85 пайызы онлайн режимде қабылданды.
“Ресми статистикалық ақпаратқа пайдаланушылардың қолжетімділігі артуда. Статистикалық ақпаратты жинаудың сапасын жақсарту мақсатында пікіртерім жүргізудің компьютерлендірілген жүйесі мен телефон арқылы сұрау әдісі әзірленді. Сондай-ақ, тез талдауға мүмкіндік беретін “Талдау” Ақпараттық-сараптамалық жүйесі құрылды”,-деді облыс бойынша статистика департаментінің басшысы Мариям Баекеева.
Өңірде жыл сайын 150-ге жуық статистикалық бақылау жүргізіледі. Атап айтқанда: «Мүгедектігі бар тұлғалардың өмір сапасы», «Халықтың құқық қорғау органдарына сенімділік деңгейі», «Тұрмыстық зорлық-зомбылық», «Ұрпақ және Гендер», әлеуметтік және демография мәселе бойынша зерттеулер.