Kyzylorda-news.kz Тамыз айының үшінші жексенбісі – Қазақстан Республикасының спорт күніне орай бүгін облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бахтияр Артаев спорт саласының дамуына өлшеусіз үлес қосқан сала ардагерлері Құттыбай Жамиұлы мен Жанабек Шәріпбайұлын арнайы қабылдады.
Кездесуде басқарма басшысы ардагерлерді кәсіби мерекемен құттықтап, өңірде кәсіби спорттың дамуындағы ерекше үлестері үшін алғысын білдірді.
– Аймағымыздың спорт саласына елеулі еңбек сіңіріп, жас ұрпақтың спортқа деген қызығушылығын арттыруға зор ықпал еттіңіздер. Бүгінгі спортшыларымыздың барлық жетістіктерінде Сіздердің ерекше қолтаңбаларыңыз бар. Ардагерлердің тәжірибесі мен ақыл-кеңесі біз үшін әрқашан қымбат, – деді басқарма басшысы.
Өз кезегінде спорт ардагерлері жас буынға көрсетіліп жатқан қамқорлыққа ризашылықтарын білдіріп, алдағы уақытта да өңір спортының қарқынды дамуына ақыл-кеңес беруден аянбайтындарын жеткізді.
