Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесіне жыл басынан бері 70-тен астам сот үкімімен сотталғандар жаза мерзімін өтеуге жіберілген. Сотталғандар мекемеге қабылданған кейін 15 тәулікке дейін карантин бөлімінде уақыт өткізеді.

Мекеменің карантин бөлімшесінде жазасын өтеушінің мінез-құлқының негізгі ерекшеліктерін, психологиялық ерекшеліктерін зерттеу, жалпы білім деңгейін анықтау, сотталғанның жаза өтеу тәртібі мен шарттарымен танысуы, сондай-ақ, денсаулық жағдайын тексеру және санитарлық-гигиеналық шараларды өткізу үшін пайдаланылады. Сонымен қатар мекеменің қызмет салалары сотталғандарды қабылдап, түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.

Бүгін осы карантин бөліміндегі сотталғандарды мекеменің арнайы есепке алу бөлімінің бастығы, әділет майоры Н.Молдағалиқызы арнайы қабылдап, жеке істері бойынша сұрақтарына жауап беріп, жаза өтеудің тәртібі мен шарттары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

«Жаза басып жаңылып, сотты болдым. Жаза мерзімімді өтеуге осы мекемеге жіберілдім. Мекеме қызметкерлерінің жеке қабылдауы барысында сұрақтарыма жауап алып, ішкі тәртіп пен рұқсат етілген сәлем-сауқат туралы толық ақпараттандырылдым. Карантин режимінде толық тексерістен өтіп, енді белгіленген жасаққа аттанғалы отырмын. Қылмыстың өтеуі жаза екені анық. Жасаған ағаттығым үшін өкінемін, - дейді өз сөзінде сотталған «Р» есімді азамат.

Тағы да оқыңыз: