Шиелі ауданының әкімі Қамбарбек Мүбараковтың назарына!

Kyzylorda-news.kz ақпарат агенттігінің WhatsApp нөміріне (+7-702-702-76-00) Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Жанар Серікбаева хабарласып, Шиелі кентінде тұратын ағасына шұғыл көмек керектігін жеткізді.

«Менің ағам Серікбаев Мархабат Бекежанұлы, 48 жаста. Қызылорда облысының Шиелі кентінде тұрады. Астана, Түркістан қалаларында құрылыста еңбек етіп, өзі қара жұмыспен айналысып жүрді. Елімізде төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты жұмысы тоқтап, жабылып қалды. Амалдың жоқтығынан отбасына, Шиеліге кетті. Қызылорда облысында карантин жариялануына байланысты еш жерден жұмыс таппай жатыр. Бүгінгі таңда ағам отбасымен өмір сүруге жағдайсыз қалып, ішерге азық-түлік таппай отыр. Тіпті, нан алуға мүмкіндігі жоқ. Ол Шиелі кентінде өзінің отбасымен тұрады. Кішкентай қызы әлі 1 жасқа толған жоқ. Олар еш жерде жұмыс жасамайды. Дәл қазіргі сәтте, ішерге тамақ таппай қиналып отыр. Дәрі-дәрмек алуға да шамасы жоқ. Мойнында несие мен қарыздары көп. Оған мемлекеттен ешқандай ақша төленбеді. Сіздерден сұрарым – осы жағдайды аудан басшылығына, жанашыр азаматтарға жеткізіп, азық-түлікпен, басқа да заттармен көмек көрсетсеңіздер екен», – дейді Жанар Серікбаева.

Біз телефонның ар жағында екі көзі жасқа толған Жанар ханымға қиын жағдайда қалған ағасына Сыр бойының, Шиелі ауданының тұрғындары ел болып көмек көрсететінін айтып, уәде бердік. Себебі, біз – қай кезде де, қандай жағдай болмасын жақынын қиындықта қалдырмаған халықпыз.

Шиелі ауданының басшылығын, кәсіпкер азаматтарды, волонтер жастарды Мархабат Серікбаев ағамыздың отбасына көмек көрсетуге шақырамыз!

Мархат Серікбаевтың мекен-жайы:

Шиелі кенті, Шәкәрім көшесі №140 үй.

Байланыс телефондары:

Мархабат Серікбаев +7-702-532-74-39

Ақмарал Балтабаева +7-775-360-83-79

Тағы да оқыңыз: