maslihat_sailauy

Kyzylorda-news.kz Атадан мал қалғанша, тал қалсын», деген сөздің түпкі мәні тереңде жатқаны даусыз. Бастысы, ерінбей еңбек еткеннің еңсесі биік болып, берекесі артады. Ырысын қарапайым кәсіптен тапқан кент тұрғыны Соня Ахмедова 30 жылдан астам уақыт бойы көшет өсіріп келеді. Алақандай ауланың қызу тірлігі наурыз айынан қарбалас тіршілікке айналды.

«Нұр» базарындағы көшет павильонында Соня апаны танымайтын жаңақорғандықтар кемде-кем. Көктем шығып Жер-Ана оянғаннан көздің жауын алар түрлі-түсті гүлдері мен көкөніс көшеттерін саудаға шығарады. Қызанақ, қияр, қалампыр, раушан гүлдері, көпжылдық аула гүлдері мен құлпынай көшеттері, бөлме гүлдері, жеміс ағашы көшеттері мен қауын, қарбыз ұрықтары, қысқасы, керектің бәрін табасың. Егінге тиетін зиянкестерді дәрілеу мен тыңайтқыштардың түр-түрі де бар. Ең бастысы, оларды егіп, күтіп-баптауды да егжей-тегжейлі түсіндіріп береді.

– Өзіміз өсірген көкөніс көшеттерін 50 теңгеден сатамын. Гүлдердің түріне қарай бағасы да әр түрлі. Оларды өсіру балаға мейірім төгумен бірдей. Күнделікті күтім қажет. Кейбір көшет түрлерін көршілес Түркістан, Шиеліден көтерме бағада алып келемін. Ислам дінінде сауданың өз ережесіне сай кісі ақысын жемеу әр адамға парыз. Саудаласу сүннет екенін кей жастар біле бермейді, – деді кәсіпкер. 

Көшет егу көп еңбекті қажет етеді. Шыны керек, бұл іске көпшілік жүрексінеді. Байқағанымыз, орталық базарда көшет саудалаушылар көп емес. Десе де қызылды-жасылды гүлге көмкерілген бұрышта қанбазарды қыздырған бейнеткеш жандардың еңбекқорлығын көріп сүйсінесің.

– Гүлдерді өсіру жаныңа сұлулық пен тыныштық сыйлайды. Үйімнің айналасын гүлге көмкеріп, жұпар иісінен жан рахатын табамын. Бір сөзбен айтсам, әрі табыс көзі, әрі үйдің сәні ретінде кәдеме жаратамын. Міне, мына гүлдердің ұрығын қара күзде жинап алғанмын. Енді саудаға шығардым. Көшет сатуды кәсіп ету аса көп қаражатты қажет етпейді. Ерінбей еңбек етсең, қандай кәсіп болса да ризығыңды табасың, – дейді ол бізбен әңгімесінде.

Есік алдындағы шағын егін-жайында түрлі көкөністің тұқымы егіліп, құлақ атып тұр. Оның күтімі мен бабына үйдегі келіні мен немерелері қолқабыс етеді. 

«Қазіргі заманда әр тұқымбаққа сай уақытылы дәрі-дәрмек пен қажетті минералдар бермесеңіз, дән дұрыс өнбейді. Одан қалды, түрлі зиянкестер жапырмау үшін де құрт-құмырсқаға қарсы дәрілер пайдаланамыз. Ауа райының бір қалыпты болуы да маңызды. Осындай шығындарды қосып есептеп, тиімді баға қойып отырмыз, –деді келіні.

Отбасылық дәстүрге айналған кәсіптің арқасында берекелі күн кешкен еңбек адамының адал ісіне сүйсінбейтін жан жоқ шығар. Есік алдынан қызанақ, қияр, қырыққабат егіп қана қоймай, одан қыстың қамы үшін түрлі салат жабады. Күзде той маусымында тойханаға 12 түрлі салат жасайды екен.

Аз-кем әңгімелесіп тұрғанда қаншама адам сауда жасап кетіп жатты. Бірі тал көшеттерін, бірі гүл түрлерін, бірі көкөніс көшеттерін таласа алуда. Соня апаның басқа көшет сатушы апалардан айырмашылығы, өнім жергілікті жерде өндіріледі, әрі қолжетімді бағада сатылуы дер едім.

Гүл – әсемдік пен сұлулықтың, қуаныш пен мерекенің белгісі. Оның адам жанына жайлылық сыйлап, көңіл-күйін көтеретін де қасиетке ие. Мәселен, дала гүлдері бақшаңыздың көркін кіргізсе, бөлме гүлдері үйіңіздің атмосферасын өзгертіп, ерекше күйге бөлейтіні тағы бар. Гүлді баптап өсіру де үлкен еңбек пен табандылықты талап ететін шаруа. Осы орайда, ауданда бала күннен сұлулыққа жаны құмар, гүл баптаушысы бар. Ол – Соня Ахмедова

Гүл өсіру ежелден қалыптасқан шаруашылық екені белгілі. Тіпті, кей мемлекеттер гүлді экспорттап әлем елдері арасында көш бастап жүргенін білеміз. Десе де, біздің елде шаруашылықтың бұл түрі кешеуілдеп дамуда. Ал, ауданда тіпті жоқтың қасы. Бірақ түрлі гүлдерді ауласында баптап, оны нарыққа шығарып жүрген бүгінгі кейіпкеріміз әсемдікке бала күннен жаны жақын екенін айтып ағынан жарылды.

– Мен үшін гүл өсіру жанның тыныштығы. Бақшаның да, бөлменің де жасыл желекке оранып тұрғанын ұнатамын. Ес білгеннен түрлі гүлдерге қызығып, табиғатын танып өстім. Үлкендерден оны баптап өсірудің жолдарын үйрендім. Содан болар мен Жер анаға өсімдік отырғызбай жүре алмаймын. Көктем шығысымен сүйікті ісіме кірісемін. Қыста бөлме гүлдерін сатуға шығарып, жазда орындарын қайта толықтырамын, – дейді Соня Ахмедова.

Ауласы мен бөлмелерін гүл бағына айналдырып отырған Соня апайдың шаңырағының қай бөлмесіне кірсеңізде жұпар аңқиды. Өйткені үйдің отанасы – гүл бағбаны. Бүгінде ол гүлдерін сатылымға шығарып, табыс көзіне айналдырып отыр.

– Үйде қазіргі уақытта 50-ден аса гүлдің түрі бар. Өзіңіз байқағандай, раушан, алендра, әйел бақыты, кактустың бірнеше түрі және басқа гүл түрлерін кездестіре аласыз. Ал жаз айларында аулада түймедақтан бастап, раушанның түрлері, лала гүлдерін өсіремін. Негізі, жаз айларында бөлме гүлдерінің саны 100-ден асады. Бірақ қыс ауасында көбейте алмаймын. Жартысына жуығы сұраныс болған соң сатылып кетті, – дейді кейіпкеріміз.

Назира Айдынқызының айтуынша, дала гүлдері мен үй гүлдерінің бабын тапса кез-келген үйді гүлзәрға айналдыруға болады. Мәселен, үй гүлдерін бөлме температурасындағы тұндырылған сумен суару керек. Жазда күн сайын, қыста аптасына 1-2 рет суарса жеткілікті. Құмырадағы топырақтың құрғап кетпеуін қадағалау маңызды. Өсімдіктің шаңын дымқыл шүберекпен төменнен бастап тазалайды. Ірі өсімдіктерді тазалағанда суына аздап сабын қосуға болады. Гүлдер тұрған бөлмені үнемі желдетіп отыруды ұмытпау керек. Гүлдердің топырағын қопсытып, уақытылы дәрумендерін беріп отырған абзал. Гүл топырағын құнарландырудың ең қарапайым тәсілі жұмыртқаның, пияз бен сарымсақтың қабығымен тұнба жасау. Жұмыртқаның қабығын жинап, үлкен ыдысқа салып су құйып екі күн тұндыру керек. Одан кейін сол сумен гүлді суаратын болса, гүл жайқалып өсетін болады. Ескеретіні, бұл тұнбаның иісі жағымсыз болғандықтан міндетті түрде гүлдерді далаға шығарған жөн. Ал, пияз бен сарымсақтың қабығына қайнаған су құйып тұндырып, оны суыған соң гүлдерге құюға болады.

Айта кетейік, Соня Ахмедова бір кәсіппен шектелмей, сауданың бірнеше түрін қатар алып жүр. Наурыздың ортасынан бастап қара күзге дейін гүл ұрықтары мен бақша көшеттерін, жеміс тал көшеттерін нарыққа шығарады. Сонымен қоса аспаздықты қатар алып, дәмі тіл үйірер салаттарын аудан тұрғындарына ұсынып келеді.
Иә, гүлді баптап, оны өсіру – мәдениеттіліктің белгісі. Ал, оны өсіруді әдет қылып, айналамызды гүл бағына айналдыру өз қолымызда. Осы ретте бүгінгі кейіпкерімізден үйренеріміз көп-ақ.

Гүл өсіру – ежелден қалыптасқан, бүгінде тез дамыған шаруашылықтың бір түрі. Әлем бойынша гүл өсіріп, оны экспорттаудан Нидерландия, Германия, Жапония елдері көш бастап тұр. Кең жайлауда еркін көшіп-қонып, табиғаттың төл сұлулығына көз қанықтырып, оның тегін тартуы – қызғалдағы мен жауқазыны жайқалған жазиралы аймақтың көркі көптің көңілінде. Қолдан гүл егіп, өсіріп, әдемілікке ұмтылуға ықыласымыз кем. Елде гүл бақтарын өсіріп, оны сатылымға шығаратын арнайы кәсіп көзі қалыптаспаған. Ал Қарағанды, Жезқазған, Маңғыстау облыстарының ботаникалық бақтарында мыңдаған гүлдің түрлері мен сорттары өсіріледі екен.

Ауданда гүл өсіру мәдениеті тіптен кешеуілдеп қалған. Гүлді ауласында баптап, нарыққа ұсынып жүрген түрік ұлтының өкілі Соня Ахмедова апайымызды танымайтын адам жоқ. Кейіпкеріміздің гүл ұрықтары мен көкөністердің көшетін сатуды кәсіпке айналдырғанына отыз жылдан асып барады екен.

– Менің ата-анам бақша өсіруді өте жақсы көретін. Есіміз кіргеннен түрлі гүлдердің табиғатын танып өстік. Осыдан болар, менің де жасыл желекке деген қызығушылығым басым болды. Биыл көктемде бархат, глобус, раушан, сальвия гүлдері мен помидор, бәдірен көшеттерін де сатуға шығардым. Сүйікті кәсібіммен айналысуыма балаларым да көмектеседі, – дейді Соня Ахмедова.

Үй ауласы мен бөлмелерін гүл бағына айналдырып отырған шаңырақтың бірі – Байсаловтар отбасы. Қай бөлмесіне кірсеңіз де әдемілікті сыйлайтын гүл¬дерге толы. Шаңырақтың бағбаны осы үйдің отанасы. Ол гүлдерді өсіріп қана қоймай, оны сатылымға шығарып, табыс көзіне айналдырып отыр.

– Үйде 30-дан аса бөлме гүлі бар. Олардың қатарынан раушан, алендра, әйел бақыты, кактустың өзгеше түрі және тағы басқа көптеген гүл түрін кездестіресіз. Ал, аулада раушанның сан түрлі түсі, намазшам, хош иісті райхан сияқты оншақты гүлдің түрі бар. Негізі, тек бөлме гүлдерін ғана сатамын. Бағасы 2000 мен 5000-ның арасы. Ал, дала гүлдерін көбіне сыйлыққа беремін, – дейді гүл өсіруші Алтын Шакирова.

Айта кетейік, аудандағы №110 мектеп-лицейінде 300-ден астам бөлме гүлдері бар. Оны күтіп-баптау үшін арнайы штат бөлініп, тұрақты бір адам жұмыспен қамтылған.

– Мектептің айналасы мен ішін көгалдандырып, гүлзарға айналдыру мектеп директорының тікелей қадағалауында. Қазір мектепте бөлме гүлдерінің сан алуан түрлері бар. Оларға күнде күтім жасап, әрқайсысын өзінің ерекшеліктеріне қарай суғарып, дәрумендерін уақтылы беріп отырамын. Жалпы, өсімдіктердің жайқалып тұрғаны кез-келен адамға көтеріңкі көңіл-күй сыйлары анық. Өсімдіктердің балалардың ойлау өрісіне өзгеше әсер етіп, ауаны жаңартуда пайдасы мол, – дейді №110 мектеп-лицейінің гүл өсірушісі Соня Ахмедова.

Иә, гүл өсіру – мәдениеттің айнасы. Ал, оны өсіруді қалыптастырып, айналамызды гүлзарға айналдыру өзіміздің қолымызда. Қайбір жылдары кент келбетін арттыру мақсатында орталықтағы ірі мекемелер алдына тас тұғырлар орнатылып, жасанды гүлмен көмкеріліп еді. Көбі шаң-тозаң басып, көркінен айрылды. Тегі табиғи түрде өз тұқымынан өсіп, айналасына көрік сыйлайтын гүл шоқтарына не жетсін. Осыны көп болып қолға алатын кез келген тәрізді.

Қызу сауданың көркін келтірген бөлме гүлдеріне сұраныс көп екенін байқадық. Қоршаған ортаның әдемілігін арттыратын әсем табиғатқа құмартпаған жан кемде-кем. Ал оны ажарландырып тұрған апаның апаның ақ көңіл, адал пейіліне алғысымызды білдірдік.
 

фото: egemen.kz

Тағы да оқыңыз: