Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2,9 есеге артқан. Бұл туралы Санитарлық-эпдемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев мәлім етті.

Ол келтірген деректерге қарағанда, елде карантин талаптары жеңілдетілгеннен кейін вакцинация мен ревакцинация қарқыны 2 есеге төмендеп кетті. Халықтың екпе алуға деген белсенділігінің әлсіреуі мен вирусқа қарсы күрес шараларына салғырт қарауының салдарынан соңғы аптада коронавирус инфекциясы бойынша аурушаңдық көрсеткіштері 2,9 есеге жоғарылады.

Эпидемиологиялық мониторинг COVID-19 індетіне шалдығу деректерінің 80%-ке жуығы вирусқа қарсы екпе алмаған және соңғы вакциналаудан кейін 6 ай өтіп кеткен азаматтар үлесінде екенін көрсетті.

«Бұл вакцинацияның вирусқа қарсы тиімділігін дәлелдейтін тағы бір көрсеткіш»,-дейді ресми өкіл.

Тағы да оқыңыз: