Kyzylorda-news.kz. Бүгінгі күнге дейін өңірден Солтүстік өңірлерге 68 отбасы (құрамында 220 адам) қоныс аударған.
Қостанай облысына 28 отбасы (құрамында 83 адам);
Солтүстік Қазақстан облысына 13 отбасы (құрамында 49 адам);
Павлодар облысына 22 отбасы (құрамында 75 адам);
Шығыс Қазақстан облысына 2 отбасы (құрамында 2 адам);
Ұлытау облысына 1 отбасы (құрамы 1 адам);
Абай облысына 2 отбасы (құрамында 10 адам).
Қазіргі уақытта 79 адам тұрақты жұмысқа орналасты. 5-еуі кәсіпкерлік қызметпен айналысуға мүмкіндік алды, 52 отбасыға материалдық көмек көрсетілді, 18 отбасыға коммуналдық қызметтерін төлеу шығындары өтелді, өз өтініштері негізінде 10 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді.
