Tauelsizdik

Kyzylorda-news.kz. «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ақмарал Әлназарова Ұлы Отан соғысының ардагері Қожахмет Бектанға ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың, облыс әкімі Г. Әбдіқалықованың мерекелік құттықтау хаттарын табыстап, отбасына арнайы лебіздерін білдірді.

Бектан Қожақмет 1922 жылғы 25 қарашада Қызылорда қаласында дүниеге келген.

1942 жылы 20 жасында әскерге шақырылып, Самарқанд қаласынан Отан алдындағы борышын өтеуге аттанды. Украина, Белорусия, Венгрияны азат етуге қатысқан.

Елге оралғаннан кейін Ташкент қаласындағы аграрлық институтқа түсіп, агроном мамандығын алды.

Ұзақ жылдар бойы облыстың ауыл шаруашылығы саласында еңбек еткен.

Бүгінгі күні 10 бала тәрбиелеп, 32 немере, 8 шөбере сүйіп отыр.

Тағы да оқыңыз: