Kyzylorda-news.kz Қытайлық Anker компаниясы техникалық ақауларға байланысты смартфондарға арналған сыртқы батареялар сериясын сатылымнан алып тастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Sun басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Компания 334 MagGo Battery, Power Bank және 334 MagGo Battery PowerCore 10k үлгілерін кері қайтарып алған. Ақаудың салдарынан олардың батареялары тез қызып кететіні белгілі болды. Кейбір жағдайларда танымал құрылғының аккумуляторы құрылғының пластик бөліктерін ерітіп, өрт тудыруы мүмкін.
The Sun басылымының мәліметінше, қуаттауға арналған құрылғылардың үлгілері iPhone-ға арналып шығарылған. Алайда оларды кез келген смартфонмен пайдалануға болатынын айтылған.
Өндірушінің айтуынша, 2024 жылдың 3 қаңтары мен 17 қыркүйек аралығында шығарылған барлық батареялар кері қайтарылып алынды.
Anker компаниясының мәліметінше, сыртқы батареяларын АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Франция, Германия, Австрия, Нидерланды және Австралиядағы пайдаланушылар кері қайтара алады.
Фото: freepik