Kyzylorda-news.kz. Елорданың қылмыстық істер бойынша ауданаралық соты “Жусан” операциясы аясында Сириядан қайтарылған 14 қазақстандыққа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұған дейін прокуратура барлық сотталушыны 10 жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұраған болатын. Прокурор Еділ Мұраттың айтуынша, сотталушылардың бірінші рет қылмысқа баруы, жас балаларының болу және өкінуі сияқты жазаны жеңілдететін жағдайлар ескерілді. Ал діни алауыздық бойынша басқа азаматтардың әрекеттері үшін кек алу мақсатында қару мен оқ-дәріні қолдану қылмыстық жазаны ауырлататын жағдайлар ретінде қарастырылды.

Қазақстан азаматтары Қылмыстық кодекстің 174-бабы (әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру), 256-бабы (терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру),  257-бабы (террористiк топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу) және 313-бабы (қатыгездiк пен күш қолдануға бас ұруды насихаттайтын туындыларды заңсыз тарату) бойынша кінәлі деп танылып отыр.

Тағы да оқыңыз: