Kyzylorda-news.kz. Қызылордада 28 жастағы ер адамға қатысты қылмыстық іс бойынша тыңдау аяқталды. Полицияның мәліметінше, ер адамнан өте үлкен мөлшерде синтетикалық есірткі табылған.
Сотталушының айтуынша, 2023 жылдың мамырында көпқабатты үйлердің жанындағы ағаштардың арасынан өтіп бара жатып, 1 дана қызыл жабысқақ таспаға оралған ұнтақ зат салынған пакетті тауып алған. Одан кейін ол сондай пакеттерді тағыда тапқысы келгендіктен, іздеуді жалғастырып, жақын жерді қазу арқылы тағыда 3 дана қызыл жабысқақ таспаға оралған ұнтақ заттарды қосымша тауып, заңсыз иемденген. Табылған синтетикалық есірткі заттардың жалпы салмағы 2,14 грамм құраған.
Полиция қызметкерлері күдікті адамды ұстады. Қызылорда қаласының №2 соты сотталушы өткізу мақсатынсыз аса ірі мөлшерде психотроптық заттарды заңсыз сатып алғаны, сақтағаны, яғни Қазақстан Республикасы ҚК 296-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмыс жасағанындығы жайлы мемлекеттік айыптаушының ұстанымымен келісіп, оны 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айырып, орташа қауіпсіздік деңгейдегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеуді тағайындады.