Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында синтетикалық есірткі таратқан 24 жастағы азамат 10 жылға сотталды.
Өткен жылдың қазан айында Қызылорда облысының 24 жастағы тұрғыны мобильді қосымша арқылы тапсырыс қабылдап, синтетиканы қала ішіндегі жасырын жерлерге қойып кетіп жүрген.
Тергеу барысында күдікті азаматтың жасаған іс-әрекеті толығымен өз дәлелін тапты. Оның іс-әрекеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігінің 1,3,5,6-тармағымен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сараланып, айыптау актісімен сотқа жолданды. 6 сәуірде айыпталушы сот үкімімен кінәлі деп танылып, оған 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сот үкімі заңды күшіне енді.
Динара МАХАНОВА
