Kyzylorda-news.kz. “Қазгидромет” синоптиктері 25-27 қаңтарда ауа райы қандай болатынын болжады.

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады, қар жауып, екпінді жел соғады, батыс, солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде бұрқасындатуы мүмкін.

Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында көктайғақ болады. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі деп болжанып отыр.

27 қаңтарға қарай күндізгі температура жоғарылайды: батыс аймақтарда минус 0…8 градусқа дейін, солтүстік, орталық аймақтарда минус 7…15 градусқа дейін, елдің шығысында минус 7…20 градусқа дейін, оңтүстік аймақтарда плюс 0…10 градусқа дейін жылынады.

Тағы да оқыңыз: