Синоптиктер Нұр-Сұлтан мен өзге 10 өңірде ескерту жариялады – Kyzylorda News
Басты бет

Синоптиктер Нұр-Сұлтан мен өзге 10 өңірде ескерту жариялады

06.02.2020, 9:00

349 0

Kyzylorda-news.kz. «Қазгидромет» РМК ауа райының бұзылуына байланысты 6 ақпанға бірнеше өңірде ескерту жариялады.

Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында көктайғақ сақталады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с артуы ықтимал.

Ақмола облысының жекелеген аумағында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, кей жерлерде оның күші 15-20 м/с жетеді.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ сақталады. Мұғалжар ауданында күндіз оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с артады. Ақтөбе қаласында күндіз тұман, көктайғақ күтіледі.

 Шығыс Қазақстан облысында күндіз жауын-шашын (көбінесе қар) болады. Кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болжанады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні күндіз 25 м/с жетеді. Өскемен қаласында күндіз жауын-шашын (жылбысқы қар), бұрқасын, жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші күндіз 15-20 м/с артады. Семей қаласында күндіз жауын-шашын (жылбысқы қар), бұрқасын, жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, күндіз жылдамдығы 15-20 м/с құрайды. Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болжанады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с артады.

Қостанай қаласында күннің екінші жартысында бұрқасын, батыстан, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықтағы жел күтіледі.

Түркістан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түсіп, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с құрайды. Түркістан қаласында түнде және таңертең оңтүстік-батыс желі 15-20 м/с артады.

Шымкент қаласында түнде және таңертең оңтүстік-батыстан 15-20 м/с екпінде жел тұрады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман сақталады. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с сақталады. Қызылорда қаласында тұман сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде басым бөлігінде жауын-шашын (көбінесе қар) күтіледі. Кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с, күндіз 23-28 м/с жетуі ықтимал. Петропавл қаласында түнде жауын-шашын (көбінесе қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 23 м/с артады.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады. Ақтау қаласында оңтүстік-шығыс желінің екпіні – 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысында күндіз жауын-шашын (көбінесе қар) жауады. Кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болжанады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні оңтүстік-батысқа ауысып, күндіз жылдамдығы 25 м/с артуы мүмкін.

0

Пікір қалдыру