Kyzylorda-news.kz  Қазгидромет алты облыс тұрғындарына аптап ыстық болатынын ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Синоптиктер 19 маусымдағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарының болжамын ұсынды.

"Қазақстан Республикасының солтүстігінде, орталығында және оңтүстік-батысында антициклон ықпалынан ауа райы жауын-шашынсыз болады, Қазақстан Республикасының қалған бөлігінде атмосфералық фронтал бөліктері сақталады, оңтүстік-шығыста найзағай ойнап, қатты жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыста бұршақ жауады, жел күшейеді", - делінген хабарламада.

Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында, Қостанай облысының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі.

Маңғыстау облысында, Атырау және Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде аптап сақталады.

Тағы да оқыңыз: