Kyzylorda-news.kz.  Қазгидромет метеорологтары 30 желтоқсан мен 1 қаңтар аралығында ауа райы қандай болатынын болжады.

“Қара теңіз аймағынан шыққан ауқымды антициклон Қазақстанның басым бөлігіне әсер етеді. Осыған байланысты еліміздің солтүстік батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында ауа райы жауын-шашынсыз, сондай-ақ 35 градусқа дейін аяз болады “, – делінген Қазгидрометтің болжамында.

Ертең, 30 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында қар жауады, түнде солтүстік-шығыста боран соғады.

31 желтоқсанда еліміздің батысында, 1 қаңтарда оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашын (қар, жаңбыр) болады.

Тағы да оқыңыз: