Kyzylorda-news.kz Синоптиктер Қазақстан аймақтарында 2026 жылғы 23 шілдеде орын алуы ықтимал қауіпті метеорологиялық құбылыстарға қатысты болжаммен бөлісті.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, солтүстік-батыс циклонына және жылжыған атмосфералық фронталды бөліктерге байланысты республикамыздың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, негізінен, найзағай ойнап, жаңбыр жауады деп күтіледі.

«Еліміздің солтүстігінде, шығысында, орталығында, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауады. Республика бойынша белең алатын ортақ табиғи құбылысқа желдің күшеюі жатқызылады, сондай-ақ бірқатар өңірде бұршақ түсіп, дауыл тұрады, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады деп болжанады. Түнде және таңертең еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында тұман болады деп күтіледі», делінген ауа райы болжамында.

Фото: freepik.com

Тағы да оқыңыз: