Kyzylorda-news.kz ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, «AMANAT» партиясының мүшелері Наурызбай Байқадамов пен Руслан Рүстемов және партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов жұмыс сапарымен Шиелі ауданында болды.
Онда халық қалаулылары «Руханият» орталығы алдындағы заманауи технологиямен жабдықталған субұрқақ жұмысын көрді.
Аудан әкімі Айтбай Жандарбеков: бұл игі іс – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың елді мекендерді дамытуға бағытталған нақты тапсырмалары мен жүйелі саясатының ауданымызда нақты жүзеге асып жатқандығын және аталған нысан облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан абаттандыру, көгалдандыру, көркейту жұмыстарының нақты нәтижесі екенін жеткізді.
«Руханият орталығы» ауласын абаттандыру жұмыстарын «Бақыт» дара кәсіпкері жүргізді. Тамшылатып суару жүйесімен газон төселіп, субұрқақ, заманауи жарық шамдары мен демалыс орындықтары орнатылды.
Шиелі ауданында атқарылып жатқан бұл жұмыстар - елді мекеннің экономикалық қарқынын арттырып, халықтың әлеуметтік тұрмысын жақсартуға бағытталған нақты қадамдар. Жаңадан бой көтерген әрбір нысан - ел игілігіне қызмет ететін, өңірдің өрісін кеңейтетін маңызды бастама.