Kyzylorda-news.kz Шымкентте тегін балмұздақ таратқан кәсіпкер заң бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап хабарлады.  

Шара 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай өтті. Тегін балмұздақ "Тұран-2" ықшамауданындағы "Жаңалық" сауда үйінің жанында таратылған.

Бұл акцияның соңы балмұздақ лақтырып, шуға ұласты.

Ұйымдастырушыға 50 АЕК яғни 196 600 теңге көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар ол ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 5 тәулікке қамауға алынды.

Фото: Pixabay.com

Тағы да оқыңыз: