Kyzylorda-news.kz Күні кеше Шымкентте орналасқан № 2 Түркістан облыстық перинаталды орталығы маңында шала туған нәрестенің табылғанын хабарлаған едік. Құзырлы органдар нәрестені қорапқа салып тастап кеткен ананы тапты, деп жазады Egemen.kz kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.
Бүгін Шымкент полициясы 20-21 апталық нәрестені тастап кеткен ананы тапты. Ол Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты.
«Аталған факті бойынша қала тұрғыны анықталып, ұсталды. Қылмыстық іс қозғалып, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», делінген полиция берген түсініктемеде.
Еске салайық, 7 мамыр күні Шымкентте орналасқан перзентхана маңына шетінеген сәбидің денесі табылған еді.
Фото: caspianlife.kz