Kyzylorda-news.kz Шымкентте мектеп оқушысы алаяққа ата-анасының 2 миллион теңгесін аударып жіберген. Полиция департаментінің киберпол қызметкерлері «Anti-fraud» іс-шарасы аясында интернет-алаяқтық жасаған ер адамды ұстады. Бұл туралы  Stan.kz  ақпарат агенттігі хабарлады. 

Ер адам «Free Fire» мобильді ойынының жетілдірілген аккаунтын сатамын деп мектеп оқушысынан 2 миллион теңгеден астам қаражат алған. 

6-сынып оқушысы ұсынысқа қызығып, күдіктінің нұсқауы бойынша анасының банк картасын суретке түсіріп, карта деректері мен аударым жасауға арналған кодты жолдаған. Шотында ақшаның жоғалғанын байқаған анасы полицияға жүгінген. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті анықталып, ұсталды.

Полиция ата-аналарға балаларына интернеттегі қауіпсіздік ережелері туралы жиі ескертіп отыруға кеңес береді. Бөгде адамдарға банк деректерін ешқашан хабарламау керектігін әрдайым еске салып жүрген абзал.

Фото: polisia.kz

Тағы да оқыңыз: