Kyzylorda-news.kz. Шоқыну мерекесі кезінде суға шомылуды жоспарлап отырған адамдар мына қағидаларды сақтауға тиіс.

– тек арнайы жабдықталған орындарда ғана суға түсу қажет;

– ойыққа кірер алдында денені жылытып, жаттығу жасап, жүгіру керек;

– қауіпсіздік үшін ойыққа кірер алдында резеңке аяқ киім немесе шұлық кию керек;

– суға сүңгу алдында терең дем алып, деміңізді ұстап тұрып суға кіру;

– суға секіру және баспен суға кіруге болмайды, адам ағзасы суықтан шок алуы мүмкін;

– ағзаңыз тоңбау үшін мұз ойығында 1 минуттан артық болмаңыз.

– баламен келген жағдайда, бала шомылу кезінде оны қадағалау қажет.

– судан шыққан сәтте сізді орамал мен жамылғышпен біреу қарсы алғаны дұрыс.

– судан шыққан кезде өзіңіздің және баланың денесін орамалмен ысқылап сүрткен жөн, құрғақ киім кию қажет.

– суға түскеннен кейін профилактика үшін дәрілік шөптен, жидектен немесе жемістен жасалған ыстық шай ішу қажет.

Бұдан басқа, ел азаматтары қыс кезінде су айдынында мынадай қауіпсіздік қағидаларын сақтауы керек:

– түнгі уақытта және көрінуі нашар болған кезде мұз үстіне шығуға болмайды;

– мұздың жұқа және бекімеген учаскелеріне шығуға болмайды;

– мұздың жекелеген учаскелерінде топпен жиналуға болмайды;

– мұздағы жырмаларға, жарықтарға, ойықтарға жақындауға болмайды; автомобильдермен өткелдерден тыс жерлерге шығуға болмайдыі.

Балық аулаушыларға жеке құтқару құралдары болғанда мұз астынан балық аулауға рұқсат етіледі.

Тағы да оқыңыз: