Kyzylorda-news.kz «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында Қазалы ауданындағы Қарашеңгел ауылдық округіне қарасты Шитүбек елді мекені ауыз су желісіне қосылды.
Жалпы өңірде 4 қала және 222 ауылдық елді мекен бар. Оның ішінде орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылмаған 19 ауылдық елді мекен болатын. Бұл жұмыстар бойынша арнайы жол картасы әзірленіп жұмыс жасалуда. Жыл соңына дейін облыс бойынша 83 шақырым су құбыры салынып, Мемлекет басшысының халықты 100 пайыз сапалы ауыз сумен қамту тапсырмасын толық орындау жоспарланған.
Шитүбек елді мекені ауыз су желісіне қосу жұмыстарды осы жоспар аясында жүзеге асып отыр. Атап өту керек, бұл жоба Президент тапсырмасымен мемлекетке қайтарылған активтер қаражаты есебінен жүргізілді. Бұған дейін ауданға қарасты Сарбұлақ, Шилі, Шәкен елді мекендері де ауыз су желісіне қосылған болатын. Жұмсалған қаржының жалпы соммасы 1,5 млрд. теңгені құрайды.

