Kyzylorda-news.kz  «Аmanat» партиясының  «Қарызсыз қоғам» әлеуметтік жобасы аясында Шіркейлі ауылының тұрғындары қаржылық сауаттылық арттыру курсынан өтті. Оқыту курсының аяқталуына «AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының консультанты Берік Ахметов қатысып, барлық қатысушыларға семинар сабағына қатысқандығын растайтын сертификаттар табыстады.

Айта кетейік, аудан бойынша жыл аяғына дейін 740 адамды оқыту жоспарлануда. Қазіргі таңда 505 адам оқыту курсын аяқтады.

Ауыл тұрғындарына оқыту курсын қаржы сарапшысы Балдырған Мамен өткізді. Жобаға қатысушылар жобаға қатыса отырып өз қаражатын тиімді басқаруды және шығынды оңтайландыруды, қаржыға қатысты проблемалық мәселелер қалай пайда болатынын, несиелік қарыздар санын азайтудың қандай жолдары барын, алаяқтық әрекеттерді қалай анықтау қажет екенін хабардар болып, қаржылық білімдерін кеңейтті.

–  Жетекші партияның «Қарызсыз қоғам» әлеуметтік ауқымды жобасы аудан көлемінде бірнеше айдан бері жалғасын табуда. Бүгін Шіркейлі ауылында жоба өз жұмысы аяқталуда. Ауыл тұрғындарына қаржы сарапшысы Балдырған Мамен өз біліктілігін жан-жақты көрсетіп, көпшілікке кәсіби бағдар берді, –деді Берік Ахметов.

Өз кезегінде курстан өтушілер партия тарапына, курс оқытушысына алғыстарын білдірді.

Тағы да оқыңыз: