Kyzylorda-news.kz. Бүгінде Сырдария ауданына қарасты Шіркейлі ауылдық округінде 525 отбасында 2790 халық тұратыны баршаға мәлім. Оның ішінде, 278 зейнеткер, 104 мүгедек, «Алтын алқа» иегері – 33, «Күміс алқа» иегері – 52, 7 батыр ана бар. Тұрғындардың 1158-і экономикалық тұрғыдан белсенді болып саналады.
Өткен жылдың 12 айында 106 млн 452 мың теңге қаржы игерілген. Бюджет 99,7 пайызға орындалды. Өз кезегінде 2022 жылы жеке тұлғалардан алынатын жер және мүлік салығы 185527,6 теңге болып, 123,7 пайызға, жеке тұлға көлік құралдары салығы 3 млн 849 мың 987 теңге болып 110 пайызға, орындалды. Заңды тұлғалар көлік салығы 262 мың 725,5 теңге 130,1 пайыз орындалды.
Қазіргі уақытта даңқты күрішшілерімен аты шыққан ауылда кәсіпкерлік саласы өркендеу үстінде. Мәселен, ауыл тұрғындары «Іскер» Аграрлық несие корпорациясы арқылы 8 азамат құны 27 млн теңге көлемінде қаржы алды. Ал, «Бизнес Бастау» жобасы арқылы 1 млн 225 мың 200 теңге грант тетігі бойынша 34 азамат ұтып, 41 млн 656 мың 800 теңге бойынша қаржы түсірді. Сонымен қатар, «Бизнес бастау» жобасы бойынша оқығандар азаматтарға қолдау көрсетілді.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселесі ауылымызда жолға қойылған. Осы күні ауылдық округ бойынша 2022 жылы экономикалық белсенді халық саны 1158, оның ішінде жалдамалы жұмыс жасайтындар 836, өзін өзі жұмыспен қамтығандар 181 адам болып табылды. Қоғамдық жұмысқа 60 адам тартылып, 18 адам жастар тәжірибесіне жіберілген болатын. Ауылымызда 136 - кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. Қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрғаны - 131 оның ішінде: жеке кәсіпкерлер - 100, шаруа қожалықтары - 30 және жауапкершілігішектеулі серіктестігі – 1 бар. Жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілердің үлесі – 96 пайызды құрайды. Елді мекенде ауыл шаруашылығы саласы жолға қойылған. Сонымен біге мал шаруашылығы саласын ілгерілетуге мүдделіміз. Елді мекен бойынша мал саны сиыр – 3265, уақ мал – 245, жылқы – 2236 және 1338 бас құс бар. "Ауылшаруашылығы жануарларын бірдейлендіру" дерекқор базасына тіркелмеген мал бастарын тіркеу үшін "Жасыл дәліз-3" бағдарламасы іске қосылып, жасыл дәліз бойынша тұрғындардан МІҚ-152 бас, уақ мал-5 бас, 180- бас жылқы, малы дерекқор базасына тіркелді. Елді мекендегі ірі шаруашылықтар мен шағын кәсіпкерлер мүмкіндігі шектеулі және тұрмысы төмен, көп балалы отбасыларына, мектепке, спорттық жарыстарға, мәдени іс-шараларға тұрақты түрде демеушілік жасап, қайырымдылық акцияларын өткізіп келеді, – деді ауыл әкімі Талғат Құламқадіров.
Шын мәнінде, әрбір азамат Отан алдыңғы борышын өтеуге міндетті. Өз кезегінде аталған ауылда әскерге шақырушылардың уақытылы көктемгі және күзгі медициналық комиссиядан өтуі қадағаланып, 95 азамат зерделеуден өтті. Жоспар бойынша 8 азаматтың 8-і әскер қатарына алынды.
Шіркейлі ауылындағы іргелі шаруашылықтың бірі – «Мәді Қажы» ЖШС-і ауыл халқына тұрақты түрде қолдау көрсетіп келеді. Қашанда ауыл әлеуетін көтеруге барын салатын шаруашылық тарапынан әр отбасының экономикасын көтеру және еңбекке баулу мақсатында, ауыл тұрғындарының картоп, сәбіз жалпы бау-бақша дақылдарын егуге айдау, қарықтау және тыңайтқыш алу үшін қажы бөлінді. Бұдан өзге ауыл тұрғындарына әлеуметтік көмек жасау – тұрақты түрде жүзеге асады.
Өткен жылы бірнеше бағытта жұмыс жасады. Мәселен, ауылға аяқ су келетін «Байділда» каналына техникалық тазарту жұмыстары жүргізілді. Сонымен бірге Б.Мұстапаева көшесі, С.Жүзбаев көшесі, Қ.Қожамжаров тұйығы көшесі және Ә.Құлымбетов тұйығы көшесіне жарық шамдар орнатылды. Ал Құмжарған көшесі, Ә.Сарбасов көшесі және Ә.Құлымбетов көшелеріне жаңадан диотты жарықшамға ауыстырылды. 1 дана СНП -500/10 дизелді насос алынды. Шіркейлі дәрігерлік амбулаториясына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Биыл біршама жұмыстарды қолға алуды көздеп отырмыз. Анығын айтқанда, Қ.Қожамжаров тұйығы көшесін, «Бейбітшілік» көшесін, Қ.Қожамжаров тұйығы 2 көшесін, Ә.Тоққожаев көшесіне орташа жөндеуге жобалық сметалық құжаты дайындалды. Бір айта кетерлігі, Б.Жақыпов Ғарышкер Д.Рахметов және Б.Сидекеев көшелеріне жарық шамдар орнату, Ә.Құлымбетов көшесі, Ә.Сарбасов көшесі, С.Жүзбаев көшесі және Қ.Қожамжаров көшелерінің ой-шұқырын бекіту жұмыстары жүргізіледі. Ауылішілік газ тарату құрылғыларын орнату бойынша Мади Қажы ЖШС директоры Сейткамал Сұлтановтың демеушілігімен жобалық сметалық құжаттары дайындалып жатыр. Ауылішілік электр желілерін және тозығы жеткен транспорматорларды ауыстыру бойынша демеушілік есебінен жобалық сметалық құжаттары дайындалу үстінде. Техникалық шарттары тиісті мекемелерден алынды. Ж.Нұрсейітов көшесінің бойына абаттандыру жұмыстары жүргізіледе. Атап айтқанда, футбол алаңы, жаттығу алаңы, саябақ және автотұрақ орнатылады. Көркейту-көгалдандыру жұмыстары бойынша ауылдың кіре берісі жол екі жағына ағаш отырғызу жұмыстарын жүргізу – күн тәртібінен түспейді. Шіркейлі ауылдық округінің қатты қалдықтарды орналастыру жұмыстары бойынша құрылыс заттарын алып, демеушілік есебінен тиісті жұмыстарды ұйымдастырымыз. Шіркейлі ауылдық округінің жасыл белдеу орналастыру жұмыстары бойынша құрылыс заттарын алып, демеушілік есебінен тиісті жұмыстарды үйлестіреміз. «Микробизнес-Қызылорда бағдарламасы бойынша 2023 жылы 2 азамат құны 14,5 млн теңгеге қаржыландырылды. «Ұлттық жоба» аясында жаңа бизнес идеялар конкурсы арқылы 1 азамат құны – 1млн 380 мың теңгеге қаржыландырылды. «Кең дала» бағдарламасы бойынша; 2 адам құны 26 млн теңгеге қаржыландырылды. Жастарға арналған 2,5 % несие бағдарламасы бойынша 5 азамат құны 20 млн теңгеге құжаттарын тапсырып қаржысын күтуде «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 15 жоба құны 43 млн тенге құрайды, – дейді ауыл әкімі.