Шілде жаздың қызған ортаңғы айы. Бұл 31-нен аяқталатын жеті айдың бірі болып саналады. Жердің солтүстік жарты шарының көп бөлігінде ең ыстық ай болса, оңтүстік жарты шарында ең суық ай болып табылады. Кейбіреулер үшін бұл ай беріктік пен ұстамдылықтың сыналатын кезі болып саналса, біреулер үшін керісінше мансап пен жеке қарым-қатынаста табыс әкеледі. Stan.kz ақпарат агенттігі 2022 жылдың шілде айына арналған жұлдыз жорамалды ұсынады.

Шілде айының басында туылғандар сезімтал, эмоционалды адамдар. Олар әркез өзін зерттеп қазбалауға көп уақыт бөледі. Мұндай жандар жұмыс пен отбасына көп уақыт бөледі. Алайда іштей өзіне көңілі толмауы мүмкін. Олардың өзінің ішкі және сыртқы жағдайына назар аударғаны абзал.

Шілде айында жұлдыз жорамал белгілерінің әрқайсысын не күтетінін біздің болжамнан біліңіздер:

Тоқты

Шілде айында торпақтар үшін шешілмеген мәселелер мен бітпеген жұмыстардың көп болып көрінуі мүмкін. Тіпті ештеңеге үлгермейтіндей күй кешуіңіз мүмкін. Алайда бұл үшін көңіліңізді түсірмеңіз. Себебі бұл – беріктік пен ұстамдылығыңызды тексеруге арналған сынақ. Егер соңына дейін төзімділік танытсаңыз жұлдыздар сіздің жағыңызда болады. Сізге қолдау көрсетіп, ақыл айтатын, демеу білдіретін адамдар жаныңыздан табылады. Бастығыңыз сіздің талпынысыңызды көреді. Алайда маңызды шешімдер қабылдауда асығыстық танытпаңыз. 

Айдың соңына қарай сізді мол табыс қуантады. Немесе көптен армандаған жаңа қызмет пен жаңа жұмыс орынына ауысуыңыз мүмкін.

Торпақ

Бұл кезең Торпақтар үшін жетістікке жету жолында сәттілікке толы болады. Жұмыстағы ең маңызды атқарылуы керек істерді айдың бастапқы бөлігіне жоспарлаңыз. Сізге көп тапсырмалар мен қосымша қызметтер міндеттелуі мүмкін. Бірақ бұның соңы соған тұрарлық мол табыс әкелетінін ұмытпаңыз. 

Бұдан бөлек, айдың алғашқы жартысында жаңа таныстықтар болады. Осылайша сіз жақсы достар мен серігіңізді кездестуіңіз мүмкін. Алайда Торпақтар үшін шілде айының екінші жартысы қарбаласқа толы болады. Дипломаттық қасиеті туабітті қалыптасқан торпақтар үшін жұмыстағы шиеленісті шешу қиын емес. Тіпті жан-жағындағы адамдармен қарым-қатынасы жақсара түседі.

Егіздер

Шілде айында егіздер жұмысқа көңіл бөліп, түрлі идеялар мен жаңашыл дүниелерді ұсынғаны жөн. Сонда жетістіктің ауылы алыста болмайды. Мансаптық өсу жолында Егіздер үшін шілде айы – сәттілікке толы ай. 

Жұмыс қаражатқа да әсер етеді. Яғни Егіздерді мол ақша түсімдері күтіп тұр. Алайда жақындармен қарым-қатынаста уақыт пен көңіл бөлмегеніңіз үшін олқылықтар туындайды. Сондықтан сабырлылық пен ұстамдылықты сақтаңыз.

Шаяндар

Айдың басы шаяндар үшін сәтсіз болуы мүмкін. Кәсіпте кідірістер болып, жоспарларыңыз өзгеруі мүмкін. Алайда бұл үшін көңіліңізді түсірмеңіз. Өйткені шілденің ортасында ісіңіз алға басып, жақындарыңызға көп уақыт бөле аласыз.

Сүйіктісімен аралары келіспей жүрген Шаяндарға кездесу жасап, мәселені шешуге кеңес беріледі. 

Еркіндікке үйренген Шаяндар үшін шілденің соңы сәттілікке толы болады. Жеке қарым-қатынас тұрғысында да өте қолайлы ай болмақ.

Арыстандар 

Шілде айының басында әттеген-ай дейтін ұсақ-түйек мәселелер кезігуі мүмкін, бірақ оларға назар аудармаңыз. Керісінше байырғы бітпей қалған істеріңізді аяқтағаныңыз абзал. Айдың екінші онкүндігінде жұлдыздар сіздің жағыңызда болады – іскерлік қарым-қатынас қуаныш сыйлайды. Сонымен қатар, ескі байланыстарды қалпына келтіруге мүмкіндік туады.

Әсіресе шілде айының ортасы арыстан-кәсіпкерлер үшін қолайлы уақыт болмақ.

Жеке қарым-қатынастарға келер болсақ, отбасыңызда бәрі әдеттегідей үйлесім тауып кетеді. Ал махаббатта арыстандар өзінің екінші жартысымен арадағы барлық келіспеушіліктерді жояды. Өзіңізді әңгімелесу барысында ашық әрі байсалды ұстауға дайын болыңыз.
 

Бикештер

Жалпы, бұл ай олар үшін қолайлы болмақ. Бикештер жұмыстағы әдеттегі шаруларын еш қиналмай істейді. Бикештердің көпшілігі жұмыс орнын ауыстыру туралы ойланады. Ал оларға жаңа жұмыс туралы ұсыныстар айдың басында түсуі мүмкін.
Егер сіз  қазіргі жұмыс орнында қалуға бел байласаңыз, жаңа таныстарыңызға көбірек көңіл бөлген дұрыс. Сізге туа біткен “адамдармен қарым-қатынас орната білу” қабілетіңіз қажет болмақ. Кез-келген адаммен ортақ тіл таба білу – болашақта сізден көмегін аямайтын дос табуға мүмкіндік береді. Жеке қарым-қатынасыңыз позитивке толы болмақ. Бикештер ақырында азаптаған уайымдардан арылып, екінші жартысымен қарым-қатынас жасауға кедергі келтіретін мәселелерді шешеді. Басы бос бикештер айдың екінші жартысында өз адамын кездестіруі мүмкін.

Таразылар

Айдың басы – сіз үшін оқуға көңіл бөлуге қолайлы уақыт болады. Өзіңізді жұмыста немесе кез келген жерде жақсы жағынан көрсетіп, алдыңыздан кезіккен қолайсыз жағдайлардың бәрінен шешім тауып шығасыз. Осы мінездің арқасында Таразылар басшылықтың құрметіне ие бола бастайды. Әріптестерімен келіспей қалған Таразылар 10 шілдеге дейін арадағы мәселелерді реттегені дұрыс.
Бұл уақытта сіздің жеке қарым қатынасыңыз үйлесімді түрде дами түспек. Шілде айының екінші жартысына демалыс жоспарлауға әбден лайықсыз. Таразылар осы айдың ортасынан кейін жақындарымен бірге сапар шегіп, өмірден ләззат алады.

Сарышаяндар

Бизнестегі барлық шиеленіскен мәселелерді шілде айының басында шешуге тырысқан дұрыс, өйткені айдың бірінші онкүндігі іскерлік қатынастар тұрғысынан табысты болмақ. Көптеген сарышаяндарға жаңа жұмыс орнынан ұсыныстар түседі, сондықтан дайын болғаныңыз жөн. 
Бірақ шілде айының ортасынан бастап қиын кезең басталады. Көп сарышаяндар бұл уақытта өзінің бойынан ұзақ уақыттан бергі шаршауының шарықтау шегіне жеткенін байқайды. Өздеріне тым қатал олар жақын адамдарына ауыр сөз айтпағаны дұрыс. Себебі, ұрыс-жанжалдың арты жақсылыққа апармайды. Жаңа таныстықтағы адамдармен әңгімелескенде де абай болыңыз. Олардың бәріне бірдей сене беруге болмайтынын біліңіз. Кімнің кім екенін уақыт көрсетеді.

Мергендер

Бұл айда көп мергендер өздерінің жеке біліктіліктерін арттырған дұрыс. Жаңа білімнен бас тартпаңыз. Білім ешқашан артық болмайды. Соңғы уақытта шаршағаныңыздың әсерінен айналаңызбен тіл табысу қиындап кетті. Сізге көңіл күйіңізге мән беру керек. Әріптестермен қарым-қатынаста аздаған кідіріс жасаған дұрыс. Егер сіз сәл көбірек көңіл бөлсеңіз, отбасында және жақын адамыңызбен арада бәрін жақсы жаққа өзгерту оңайға түседі.
Айдың екінші жартысы ерекше танысу мен кездесулерге толы. Күтпеген жерден ақша келіуі мүмкін. Мергендер ұзақ уақыт қарызға берген ақшасын алады. 

Тәуешкілер

Тауешкілер үшін шілде – маңызды сұрақтарға жауап іздейтін уақыт. Бұл белгінің көптеген өкілдері өз өмірінде не істегісі келетінін түсініп қана қоймай, тіпті жұмыс орнын ауыстыруды ұйғармақ. Тез арада достық немесе тіпті романтикалық қарым-қатынасқа айналатын таныстықтар болуы мүмкін.
Сонымен қатар Тауешкілерге күтпеген жерден сапарға немесе іс-шараға баруды ұсынуы мүмкін. Бұл мүмкіндікті қолданғаныңыз дұрыс, себебі сапар барысында сіз бизнесте қолдау көрсететін адамдармен байланыс орнатуыңыз ықтимал. 
Бұл айда ұзақ уақытқа созылған кикілжіңдерді шешуге болады. Сізге ренжіп жүрген адам кенет мейірімдене түссе, таңғалмаңыз.

Суқұйғыштар

Суқұйғыштарда жыл басынан бері мұндай қарқынды кезең болған жоқ, сондықтан бұл шілде қалай өтетініне байланысты – сіз неғұрлым көп уақыт өткізсеңіз, айдың үшінші онкүндігінде сізді қызықты және жағымды оқиғалар күтеді.
Көптеген Суқұйғыштар шетелге сапар шегуді күтуде, сондықтан барлық жиналған істерді айдың ортасына дейін аяқтау маңызды. Сонымен қатар, көмектен бас тартпаңыз – жақын адамдар барлық мәселелерді шешуге көмектеседі.
Бизнес саласына келетін болсақ, Суқұйғыштардың көпшілігі жаңа жұмыс туралы ұсыныстар алады. Шілде айының соңғы аптасы жеке қарым-қатынаста сәттілік әкеледі – сіз және сіздің екінші жартыңыз алға жылжуға кедергі болған ұзақ уақытқа созылған мәселелерді шеше аласыз.

Балықтар

Шілде айында балықтар шабытның шарықтағанын сезінеді. Ойыңызға жаңа идеялар келіп қуанасыз. Бастапқыда шындыққа жанаспайтын болып көрінсе де, өз мақсатыңызды орныдаудан бас тарпаңыз. Оларды іске асыру жолында сіз міндетті түрде сізді қолдайтын адамдары кезіктіресіз. Сол жандар тіпті сіздің сіздің жақын досыңызға айналуы да мүмкін..
Шілде айының екінші жартысы іскерлік салада да қолайлы. Әсіресе осы уақытта келіссөздер жүргізген дұрыс, себебі сіз бәріне керемет әсер қалдырасыз.
Үшінші онкүндікті отбасыңызбен өткізіңіз. Жақын адамдарыңызбен демалу көптеген жағымды эмоциялар береді.

Тағы да оқыңыз: