Kyzylorda-news.kz. 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай Шиелі ауданында «Жастарға патриоттық тәрбие беру және жастар арасында ұлттық құндылықтарды насихаттау әлеуметтік қызметін ұйымдастыру» жобасы аясында Чернобыль апаты мен Тәжік, Ауған соғысына қатысқан ардагерлермен кездесу өтті.

Аталған шара Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімінің жастар ресурстық орталығы мен Қызылорда облысының жастар Одақтары қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Шиелі аудан орталығындағы №46 мектеп-лицейде карантиндік талапқа сай ұйымдастырылды.

Кездесуге Чернобыль апаты мен Тәжік, ауған соғысына қатысқан ардагерлер, аудан орталығының барлық мектептерінен оқушылар қатысты.

Шара барысында Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімінің жастар ресурстық орталығының басшысы Біржан Бақтыбайұлы алғаш сөз алып, Отан үшін ерлік көрсеткен ардагер ағаларды мерекемен құттықтады.

Одан соң, Шиелі ауданы бойынша Ауған соғысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Берімбетов Серікбай Жаппарбергенұлы шараны ұйымдастырушыларға алғысын жеткізді.

Сондай-ақ, Шиелі аудандық қорғаныс істері бөлімі басшысының орынбасары Қуандықов Жолдасбек Әбдібекұлы Отан қорғаушылар күнімен жиналған қауымды құттықтап, ауданда қорғаныс істері саласында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Шара соңында Отан үшін елін қорғаған ержүрек ардагерлерге сый-құрмет көрсетіліп, марапаттау рәсімі жасалды.

 

Тағы да оқыңыз: