Kyzylorda-news.kz. Шиелі ауданының әкімі Нұржан Ахатов "Бидайкөл" шаруа қожалығына барып, ұжым қызметкерлерімен кездесті.

Кездесу барысында қожалық жұмысшылары шаруа қожалықтың жұмысын дөңгелетіп отырған инвестор ауылды, қожалықты көркейтуге бағытталған жұмыстарды қолға алса, жұмысшыларға жасалатын көмектердің санын арттырса деген ұсыныстарын айтты.

Аудан әкімі өз кезегінде "Шаруа қожалыққа қаржы салып, табыс тауып отырған кез келген кәсіпкер ең алдымен сол елді мекенге көмек көрсетуі керек. Алдағы уақытта кәсіпкермен сөйлесіп, ұсыныстарыңызды жеткіземіз. Тиісті шаралар қабылданады", -деді.

Тағы да оқыңыз: