Kyzylorda-news.kz. Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырысы аясында «QAZAQSTAN JASTARY» қоғамдық бірлестігі және «Қоғамдық келісім» КММ-нің Шиелі ауданы бойынша этносаралық қатынастар жөніндегі сарапшысының ұйымдастыруымен Байгеқұм ауылдық округінің мәдениет үйінде ұмытыла бастаған қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерді зерделеу мақсатында семинар - тренинг өткізілді. 

Шараға аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы Сейітова Гүлжанат, Жастар ресурстық орталығының директоры Әбдешов Ержан, «Қоғамдық келісім» Шиелі ауданы бойынша этносаралық қатынастар жөніндегі сарапшысы С. Абызбаева, Бәйгеқұм ауылдық округінің әкімі Д.Абжапбаров,  Шиелі аудандық тарихи - өлкетану музейінің ғылыми қызметкері Әбуов Бекболат, Ақмая ауылының мәдениет үйінің меңгерушісі Ибрагимов Мейрамбек және БАҚ өкілдері қатысты.

Бәйгеқұм ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы Қалдыбекова Асияға сөз беріліп,  қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы 
мұрат - міндеттердің ең бастысы – өзінің ісін өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ал балаларды жан - жақты қабілетті адамзат етіп өсіруде халықтық салт - дәстүрлердің, тәлім - тәрбиелік, білім танымдық рөлі орасан зор. Қазақ халқының да сан алуан салт- дәстүрі бар, қай халыққа болса да үлгі боларлық әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптар тұғырының негізі жөнінде  атап өтті. 

Салт - дәстүрді насихаттау барысында қазақ халқының қолөнер бұйымдары, қолдан тігілген киім-кешектерін көрсетіп, ауылдың әжелерінің ат қою рәсіміне арналған бейнеролик ұсынылды.  

Жиын соңында өнер көрсеткен мәдениет үйінің қызметкерлеріне сый - сияпат берілді.

315905462_1319871852121450_6672618880379670012_n.jpg

Тағы да оқыңыз: