Kyzylorda-news.kz. Шиелі ауданында шаруа қожалық төрағаларының қатысуымен жиын өтті. Жиынға Шиелі ауданы әкімінің орынбасары Ерсұлтан Апетов қатысып, төрағалық етті. 

Кездесуге аудандық ауыл шаруашылығы және жер бөлімінің басшысы Мұрат Әшірбеков, «Шиелісушар» өндірістік бөлімшесінің басшысы Дихан Әубәкіров қатысты. 

Жиын барысында егіс науқанына, көркейту-көгалдандыру жұмыстарына қатысты бірқатар мәселелер талқыланды. Мәселен, «Шиелісушар» өндірістік бөлімшесінің басшысы Дихан Әубәкіров су тапшылығы күтіліп отырғанын жеткізді. Осы өзекті мәселеге орай, бөлімше басшысы шаруа қожалық төрағаларына күріштің көлемін 12 мың гектардан асырмау керектігін нықтап ескертті. Аудан әкімінің орынбасары Ерсұлтан Амантайұлы да төрағаларға су тапшылығы орын алған жағдайда, еткен еңбектің далаға кетерін айтып, күріш дақылын келісілген мөлшерден артық екпеуге шақырды.

Сондай-ақ, Ерсұлтан Апетов көркейту-көгалдандыру жұмыстарына атсалысып жатқан шаруа қожалықтарға алғысын айтып, бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтуге шақырды. Шаруа қожалық төрағалары да ұсынысты құптап, тиісті нәтиже шығаруға уәде берді.

338503791_672379491278320_3556819558505318060_n.jpg

Тағы да оқыңыз: