Kyzylorda-news.kz. Шиелі ауданында мекеме қызметкерлері арасында шағын футбол турнирінің ашылу салтанаты өтті. 

Турнирдің ашылу салтанатында аудан әкімі Нұржан Ахатов сөз алып, барлық 14 ұжымға алғыс айтты. Сонымен қатар топ ішінде ардагерлерден құралған командаға ерекше ілтипат білдірді. Сондай-ақ, аудан әкімі ардагерлерден құралған командамен бірге алғашқы ойындардың біріне қатысып, керемет ойын өрнегін көрсетті. Құрамныда аудан әкімі бар «Шиелі-ардагер» командасы қарсыласын 10-1 есебімен ойсырата жеңді.

Мемлекет басшысының Жол¬дауынан туындайтын міндеттер қатарында халықты, оның ішінде ең алдымен балаларды дене шынықтырумен және бұқаралық спортпен айналысуға белсенді тарту, сондай-ақ спорт секцияларын ашу және балалар үйірмелерінің қызметін қалпына келтіру міндеті қойылғаны белгілі.

Айта кетейік, бұқаралық спортты жандандыру, салауатты өмір салтын насихаттау және ұжымдар арасындағы өзара әріптестік байланысты нығайту мақсатында ұйымдастырылып отырған аяқ доп бәсекесіне мемлекеттік қызметкерлер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, медицина, білім беру, орман, су, өртке қарсы қызмет, теміржол сынды бірқатар мекеме өкілдері мен ардагерлерден жасақталған 14 бірдей команда қатысты. Аталған турнир әр аптаның жексенбі күндері ұйымдастырылып, бірнеше айға созылатын болады.

340081643_253747923751057_8158920310233037668_n.jpg339963247_176575158588519_7531489483811052379_n.jpg

Тағы да оқыңыз: