Kyzylorda-news.kz Шиелі ауданының әкімі Айтбай Жандарбековтың тапсырмасына сәйкес, жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында ауданда түнгі рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылуда.
Бүгінгі рейдтік шараға аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторының бастығы, полиция капитаны Асылжан Ахметов бастаған полиция қызметкерлері қатысты.
Рейд барысында компьютерлік ойын-сауық орталықтары, қоғамдық орындар, спорт алаңдары мен аудан көшелері тексерілді. Сонымен қатар кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз қоғамдық орындарда болуына қатысты заң талаптары түсіндірілді.
Сондай-ақ мас күйінде көлік басқару деректерін анықтау, қоғамдық орындардағы тәртіпті бақылау және құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарына ерекше назар аударылды.
Полиция қызметкерлері тұрғындардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тәулік бойы қызмет атқарып, азаматтардан келіп түскен шақыртуларға жедел әрекет етеді. Мұндай профилактикалық шаралар құқық бұзушылықтың алдын алып, қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған.
