Kyzylorda-news.kz. Шиелі ауданы бойынша барлығы 9686 гектарға мал азықтық дақылдар орналастырылды. Оның ішінде жаңа жоңышқа 3400 гектар, 6148 гектар ескі жоңышка, 138 гектар мал жемдік асқабақ және 110 гектар жемдік жүгері дақылдары.
Аудан әкімдігі мамандарының мәліметінше, өңірде бар мал басына шаққандағы қажетті 33,4 мың тонна жемнің бүгінде 16,8 тоннасы дайын. Яғни, қажетті өнімнің 50 пайызы дайын тұр. Сонымен қатар 145 мың тонна шөптің 71 мың тоннасы, яғни 49 пайызы дайын. Сондай-ақ, қажетті 30 мың тонна сабан өндіру жоспарланып отыр.
«Қазіргі таңда егілген 2105 гектар бидайдан барлығы 2224 тонна өнім жиналды. Елу тонна арпа өнімі де мал азығы ретінде дайындалды. Осы бағытта атқарылып жатқан шараларды бақылау мақсатында Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының орынбасары мен аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы шаруа қожалық жерлерін аралап, жем-шөп дайындау жұмыстарымен танысып қайтты», – делінген әкімдіктің хабарламасында.
Айта кетейік, өткен жылы облыста 534,7 мың шартты мал басына 700 мың тоннадан астам ірі азық дайындалды. Сондай-ақ қажетті жемнің 14,2%-ын қамтылды. Күріш жинау науқанында күріш сабанын өртемей, жоспарлы 172,5 мың тонна күріш сабанын жинап алынды. Сондай-ақ, өңірдегі күріш өңдеу кәсіпорындары арқылы өндірістегі 114,7 мың тонна күріш қалдығы және күріш жемі өндірілді.

