Kyzylorda-news.kz. Бүгін Шиелі ауданында партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті.

Партиялық бақылау комиссиясының отырысына «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының атқарушы хатшысы Сыздық Болат Мүбаракұлы қатысты.  

Отырыстың күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Оның алғашқысы аудандық партиялық бақылау комиссиясының биылғы жылы атқарған жұмыстары туралы болды. Ал екінші мәселе партиялық бақылау комиссиясының құрамын қайта жасақтау негізінде болды. 

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе партиялық бақылау комиссиясының биылғы жылы атқарған жұмыстары туралы комиссия төрғағасы Мырзабеков Насырбек Аябекұлы толыққанды хабарлама жасап, алдағы уақытта кезек күттірмей атқарылуы тиіс жұмыстарды да тілге тиек етті. Сондай-ақ аудан көлемінде жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарының сапасы туралы, жылу беру маусымында орын алу мүмкін жағдайлардың алдын алу және болдырмау мақсатында мәселелер талқыланды. 

Сонымен қатар күн тәртібіндегі екінші мәселеге сәйкес партиялық бақылау комиссиясының құрамына өзгерістер енгізу үшін бірқатар партия белсенділерінің кандидатуралары ұсынылып, тиісті қаулылар қабылданды.

316961464_1193832734810857_6778175824486140894_n.jpg

Тағы да оқыңыз: