Kyzylorda-news.kz. Жиынға Шиелі ауданының әкімінің орынбасары Ерсұлтан Апетов, аудан ардагерлері Әлияр Сейітов, Тұрмат Баймағанбетов және жастар мен қоғам белсенділері қатысты.

Кездесу барысында Әлияр Сейітов аудан әкімінің бастамасымен ауданда көркейту-көгалдандыру шаралары бойынша көптеген жұмыстар атқарылғандығын, ендігіде бұл істерді аудан жастары мен барлық қоғам белсенділері жалғап, үн қосу керектігін айтты. Сондай-ақ, аудан әкімінің орынбасары жастарды жігерлендіріп, "біріксек бітпейтін іс жоқ" деді.

Жастардың атынан "Жастар ресурстық орталығының" директоры Ержан Әбдеш сөз сөйлеп, бірер жыл бұрын орталықтың маңына Әлияр Сейітовтың бақылауымен ағаштар мен гүлдер егіліп, бүгінде жайқалып тұрғандығын мақтанышпен айтып, ардагерге алғысын жаудырды.

Тағы да оқыңыз: