Kyzylorda-news.kz. Шиелі ауданында биыл 6 ай ішінде 107 қылмыс тіркелген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 14,4 пайызға төмендеген. Бұл туралы Шиелі ауданының әкімі Нариман Мақұлбеков хабарлады.

Атап айтар болсақ, бөтен мүлік ұрлығы 26,6 пайызға, мал ұрлығы 53,1 пайызға, пәтер ұрлығы 12,5 пайызға, есірткі қылмыстары 76,2 пайызға төмендесе, алаяқтық 50 пайызға, бұзақылық 20 пайызға азайған. Сонымен қатар ауданда жарты жыл ішінде тонау қылмысы тіркелмеген. Сондай-ақ биыл бір қарақшылық қылмысы тіркелген.

«Биыл алғашқы жартыжылдықта 13 жол көлік оқиғасы орын алып, жол апаттарынан 24 азамат әртүрлі дене жарақаттарын алса, 1 азамат қайтыс болды. Қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету мақсатында бүгінде Шиелі кентінде 26 бейнебақылау камералары жұмыс жасап тұр», – дейді Нариман Мақұлбеков.

Тағы да оқыңыз: