Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы әкімінің қолдауымен биылғы жылдың 17-18 желтоқсан күндері «InnoFest» Qyzylorda фестивалін өткізу жоспарлануда.
Шиелі ауданында «InnoFest» Qyzylorda байқауының бірінші іріктеу кезеңі өткізіледі. Шара 8 желтоқсан күні, сағат 16:00-де аудан орталығындағы №47 мектептің АКТ залында өтеді. Бірінші іріктеу кезеңінде жоба туралы толық ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүрзіліп, қатысушыларға тренинг ұйымдастырылады.
Айта кетейік, «InnoFest» Qyzylorda - бір тәулік ішінде идеядан прототипке дейін «Smart City», «Контент&Медиа» «Кино&Видео» бағыттары бойынша инновациялық жобаларды жасауды мақсат ететін іс-шара.
Фестивальдің негізгі мақсаты - «Ақылды қалалардың» эталондық стандартына сәйкес жобаларды анықтау. Сонымен қатар облыс тұрғындарының IT-саласына қызығушылығын арттыру және инновациялық IT жобаларға қолдау көрсету.
Қазіргі таңда аталған шараға республиканың өзге де облыстарынан және көршілес мемлекеттерден қызығушылық танытып, қатысуға ниет еткендер көп.
Еске сала кетейік, жобаның жүлде қоры 3 000 000 теңгені құрайды, сондай-ақ білім гранттары бар.