Kyzylorda-news.kz. Бүгін Шиелі ауданының әкімі Нұржан Ахатовтың өкімімен құрылған аудандық жұмысшы топ өкілдері Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын-алу үшін ауылдық округ тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Олар ауыл тұрғындарының үй-жайларын аралады.

Жұмысшы топ құрамында аудан әкімінің орынбасары, әрі жұмысшы топ төрағасы Ерсұлтан Амантайұлы, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі бастығы Жандос Мампаев, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Гүлзада Айтекеева, аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Мұрат Әшірбеков, сондай-ақ өзге жауапты мекеме өкілдері бар.

Ауылдарды аралау барысында жұмысшы топ төрағасы тұрғындарға Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу үшін жүргізілетін көктемгі залалсыздандыру жұмыстары басталғанға дейін елді мекендердегі мал қораларда ескі қи-көңнен механикалық тазалау жұмыстарын 10 сәуірге дейін толық аяқталуы қажет екендігін жеткізді. Себебі, механикалық тазалау жұмыстары жүргізілмейінше кенеге қарсы залалсыздындыру жұмыстары ешбір пайда әкелмейді. Сондықтан тұрғындар жұмысшы топтың түсіндірме жұмыстарын уақытымен орындап, кенеден сақ болуы қажет.

339991660_1415597435926847_7229376189865240385_n.jpg

Тағы да оқыңыз: