Kyzylorda-news.kz Баспасөз өкілдері Шиелі ауданына келіп, «Ауыл аманаты» жобасының іске асырылу барысымен танысты.
Бүгінде «HONEYMOOD» нан-тоқаш және кондитерлік цехының өнімдері Шиелі ауданының нағыз брендіне айналды. Оның негізін қалаушы Жансая Имантаева 2019 жылы «Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша өндірісті іске қосты, ал 2023 жылы істі кеңейту үшін «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысып, несиеге 7 млн теңге алды. Бүгінгі таңда кондитерлік цехы күніне 300 кг өнім шығаруда. Сондай-ақ, 12 адаммен жұмыспен қамтып отыр.
Бағдарлама аясында «Шұжық цехы» жобасының жұмыс барысымен танысты. Бүгінде бұл цехта тәулігіне 600-700 кг өнім шығарып, Шиелі, Жаңақорған және Алматыға қалаларына жеткізуде. Негізгі шикізат көзі өз өндірісінен мал бордақылау және мал сою пункті арқылы өнім өндіріп, шұжық түрлерін шығаруда. Цех ресейлік техникалармен жабдықталған және мұнда 12 адам жұмыс жасауда.

Сонымен қатар, «Ауыл аманаты» жобасы аясында қызанақ пастасын шығаратын цех ашылған болатын. Жеке кәсіпкер Қанат Мұсаев төрағалық ететін «Барлыбай и K» өндірістік кооперативі бұл кәсіпті қолға алуда. Жалпы жобалық құны 48 млн. теңге болатын цехтың жұмысын бастамақ болған кооператив "Ауыл аманаты" жобасы арқылы төмен пайызбен 27,6 млн. теңге қаражат алды.
- Бүгінде 10-нан астам өнім түрлері оның ішінде томат пастасы, аджика, салат, қарбыз, қауын балы өндірілуде. Бұл өнімдер облыс көлемінде, Астана, Қарағанды, Алматы өңірлеріне өткізілуде. Биылғы жылға 100 мың банка жасалған. Шикізат ретінде өзіміздің еккен қызанақ, қауын қарбыз тәтті, ащы бұрыштарды өңдеп, консерві шығарып жатырмыз. Маусымаралық кезеңде 10 адам жұмыс жасайды. Болашақта өнім түрлерін 20-ға жеткізіп, сусын түрлерінде шығару жоспарлануда,- дейді Қанат Мұсаев.

Наубайхана ашып 20 жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан Ажмитова Арманкүл бүгінде Шиелі халқын нан өнімдерімен қамтамасыз етіп келеді. Бүгінде наубайханада 20 азаматша жұмыс жасайды. Нан, тоқаштар, торттың түр-түрін шығарып, ауыл-аймаққа сатып келеді. Болашақта Шиелі өңірін нанмен толық қамтамасыз етуді жоспарлауда.
БАҚ өкілдері «Досымбетов К» ЖК-нің жиһаз жасау цехының барысын аралады. Бұл цех 2020 жылдан бастап жұмыс жасайды және жылына 1000 дана жиһаз өндіреді. Қазіргі таңда тапсырыс бойынша үйге қажетті барлық жиһаз түрлерін шығаруда. Болашақта цехты кеңейтіп, көптеген адамдарды жұмыспен қамту көзделуде.
Сапар соңында ЖК «Тұрлыбаев Досжан» күріш ақтау зауытының жұмыс барысын көрді. Бұл зауыт өткен жылы іске қосылған тәулігіне 150 тонна күріш өнімін шығаруда. Қазіргі уақытта 15 адам жұмыспен қамтылған. Күріштің Лидер, Камолина, Маржан сорттары шығарылады. Одан бөлек, мал азығы өңделіп Қазақстанның ішкі нарығына жіберілуде.

Фото: Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі
