Kyzylorda-news.kz. Шиелі ауданындағы «Семізбай-U» ЖШС Иіркөл филиалында «Атом саласы қызметкерлері күні» мерекесіне орай мерекелік іс-шара өтті.

Іс-шарада «Семізбай-U» ЖШС бас директоры Алмас Майлыбаев жұмыскерлерді кәсіби мерекемен құттықтап, еңбек озаттарымен еңбек майталмандарына облыс әкімінің алғыс хаттарын табыстап, төсбелгілерімен, құрмет грамоталарымен марапаттады.

Аталған шараға Шиелі ауданы әкімінің орынбасары Ерсұлтан Апетов, аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Қабілеш Бекішов, аудандық ардагерлер кеңесінің орынбасары Ғани Есімов қатысты. Аудан әкімінің орынбасары жұмысшы ұжымды мерекемен құттықтады. Сонымен қатар Қабілеш Бекішов пен Ғани Есімов те өздерінің ыстық ықыласын білдіріп, жылы лебізін жеткізді. Сондай-ақ Ғани Есімов аудан ардагерлінің атынан «Семізбай-U» ЖШС бас директоры Алмас Майлыбаевқа Алғыс хат тапсырды.

Сонымен қатар, аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Қабілеш Бекішов іс-шараға қатысушы қауымды 20 қарашада өтетін кезектен тыс ҚР Президент сайлауына жұмыла қатысып, дауыс беруге шақырды. 

Шара соңында барлық жұмыскерлерге мерекелік дастархан жайылды.

Тағы да оқыңыз: