Kyzylorda-news.kz. Шиелі ауданында аналардың басқосуы өтті. 

Кездесудің мақсаты - отбасының алтын діңгегі саналатын аналармен ұрпақ тәрбиесі, отбасындағы ауызбіршілік, отбасы мен кәсіпті немесе қызметті қатар алып жүру бағытында ой бөлісу. Сонымен қатар тәжірибе алмасу және ауданда атқарылған жұмыстарды саралап, алдағы жоспарлар мен міндеттерді айқындау болды.

Кездесу барысында «Алтын алқа» иегері, ардақты әже, ақылшы ене, асыл жар, кәсіпкер Гүлмира Медешова мен жас кәсіпкер Назерке Әбдіғалымқызы сөз алып өз тәжірибелерімен бөлісті. 

Ел аналары заман талабына сай дамып, отбасы мен кәсібін, қызметін қатар ала жүріп саналы ұрпақтың өсуіне өз үлестерін қосатынын білдіріп, аудан жастарына қазақ әйелінің заманауи бейнесінің үлгісін көрсете білді. Жиынға қатысушы аналар бір-бірімен тәжірибе алмасып, бірі -бірен көмек көрсете білді.

Бұдан бөлек, отбасылық кәсіп иелерінің көрмесі қойылып, аналарға ақ жаулық ұсынылып, ән шашу арналды. Сонымен қатар «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ» науқаны аясында комиссия мүшелері аудан орталығындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық тәуекелі бар отбасыларға барып, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, психологиялық және әлеуметтік көмектер көрсетті.

317432400_627457832462032_5173430506387238810_n.jpg

Тағы да оқыңыз: