Kyzylorda-news.kz. Шиелі ауданы әкімдігінің мәжіліс залында өткен «Алтын күз - 2022» мерекесіне белсене қатысып, баршаға ортақ науқанды абыроймен өткізу үшін атсалысқан аудандағы бірқатар мекеме басшылары, шаруа қожалық төрағалары, жеке кәсіпкерлер, бөлім басшылары мен қызметкерлері марапатталды. Бұл туралы Шиелі аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Жиынды аудан әкімі Нұржан Сәбитұлы ашып, молшылық мерекесін жоғарғы деңгейде өткізуге өз септігін тигізген азаматтарға шынайы алғысын білдірді.

«Алтын күз - 2022» мерекесіне белсене қатысқандарыңыз үшін барлығыңызға алғыс білдіремін. Осы еңбектеріңіз арқылы сіздер шиелілік диқандардың ала жаздай еткен еңбегінің лайықты түрде бағалануына үлес қостыңыздар. Алдағы уақытта да ауданды дамыту жолындағы игілікті істердің басы-қасында жүріп, халық игілігі үшін бірге атсалысайық, - деді аудан әкімі Нұржан Ахатов.

Жиын соңында Шиелі аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өркен Исмаил мен қоғамдық кеңес төрағасы Қабілеш Бекішов сөз алды. Ардагерлер аудандағы жанашыр азаматтарға рақметін айтып, көптің атынан алғыстарын жеткізді.

315334253_1441914626338992_8535458510802598004_n.jpg

Тағы да оқыңыз: