Kyzylorda-news.kz. Әр аймақтағы полиция бөлімдері жергілікті жердегі құқық бұзушылықтардың алдын алуда, қоғамдағы қылмыстардың азайып, ел дамуына кедергі келтіретін олқылықтарды болдырмауда табандылық танытып, нәтижеге жұмыс істеуде барын салуда. Әсіресе, осы салада жүрген, ауданның тыныштығын, қоғамның тұрақтылығын күзеткен тәртіп сақшыларының еңбегі еселі.

Ауданда соңғы жылдары осыған дейін өсім алған бірнеше қылмыстың азайғаны, қылмыстардың дер кезінде ашылуы атқарылған жұмыста сапа барын аңғартады.

Қазақстан Республикасының «Тұрмыстық зорлық зомбылықтың алдын алу туралы» Заңына сәйкес тұрмыстық ортада құқық бұзушылық жасаған адамдарға қатысты 107 қорғау нұсқамасы шығарылып, аудандық сотпен 42 құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талап белгіленген.

Отбасы тұрмыстық қатынастар саласында жасалатын қылмыстардың алдын алу, оған жол бермеу мақсатында ішкі істер органдарының профилактикалық және тізімдік есебінде тұратын тұлғалармен үнемі профилактикалық жұмыстар жүргізілу үстінде. Нәтижесінде маскүнемдікке салынған 9 азамат облыс орталығындағы ішімдіктен еріксіз емдеу орталығына жатқызылған. Ал 35 азамат маскүнем ретінде бөлімнің тізімдік есебіне алынған. Бүгінгі таңда олармен профилактикалық жүргізілуде. 

Айта кетейік, жыл басынан бері белгіленген уақыттардан кейін спирт өнімдерін сатудың 16 дерегі анықталған. Осындай нәтижелі жұмыстың орындалуында учаскелік полиция инспекторларының қолтаңбасы бар.

Тағы да оқыңыз: