Kyzylorda-news.kz Шиеліде Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес «Тағзым орны таза болсын, рух пен тазалық – бір ұғым» атты жалпыхалықтық акциясы өтті. 

Тазалық шарасы барысында аудан әкімі Айтбай Жандарбековтың бастамасымен аудан аумағындағы барлық қорымдарда кең көлемде тазалық жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, қорымдар аумағы қоқыстан тазартылып, айналасы ретке келтіріліп, көшет отырғызу жұмыстары да жүйелі түрде жүзеге асырылды.

Қазақ халқы ежелден ата-баба рухына құрмет көрсетіп, қорым-қорғандардың тазалығына ерекше мән берген. «Өлі разы болмай, тірі байымайды» деген тағылымды сөз арқылы өткенге тағзым ету ұрпақ санасына терең сіңірілген. Сондықтан қасиетті орындарды күтіп ұстау - халқымыздың қанында бар асыл дәстүрдің айқын көрінісі.

Ауқымды тазалық шарасына 2 мыңға жуық тұрғын қатысып, ортақ іске белсене атсалысты. Акцияға халық қалаулылары, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, еріктілер, ардагерлер және жастар жұмыла кірісіп, туған жердің тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосты.

Шиелі тазалық жұмыстары 2.jpg

Осындай мазмұнды бастамалар арқылы қоғамда тазалық мәдениеті қалыптасып, туған жерге деген жанашырлық арта түседі.

«Оқшы ата» кесенесі, «Бес Арыс Тұяқты баба» кесенесі, «Шашты ата» және «Жаназар батыр» кесенесі, «Арғын ата» кесенесі, «Жансейіт баба» кесенесі, «Дәуіт ата» кесенесі, «Сауысқандық» шатқалы және өзге де тарихи орындар мен ауданымыздағы барлық қорымдар аумағы тазартылып, абаттандырылды.

Айта кетейік, тарихы терең, тағылымы мол ауданымызда мемлекеттік қорғауға алынған 42 тарихи мәдени ескерткіш бар. Оның ішінде 3  республикалық, 37 жергілікті маңызы бар ескерткіш, ал 2 нысан алдын ала есепке алынған тарихи мәдени мұра объектілері болып табылады.

Бұл бағыттағы игі істер алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Шиелі тазалық жұмыстары 3.jpg

Тағы да оқыңыз: