Kyzylorda-news.kz Шиелі ауданы әкімінің орынбасары Болатбек Ысмағұлов жауапты сала басшыларымен бірге түңгі рейд жұмыстарын ұйымдастырды.

Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы бойынша Шиелі кенті орталығында халық көп шоғырланатын орындар мен ойын-сауық орталықтарында нысан иесі мен тұрғындарға заң талаптарын түсіндіру және алдын алу шаралары жалғасуда.

Бұл ретте, аудан әкімі Айтбай Жандарбековтың тапсырмасына сәйкес, жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар және жастар арасындағы құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында рейдтік жұмыстар тұрақты жүргізілуде.

Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22:00-ден таңғы сағат 06:00-ге дейін ойын-сауық мекемелерінде болуы - заңды өкілдеріне үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеліп соғады.

Шиелі рейд 2.jpg

Тағы да оқыңыз: